Алдын ала төлемді енгізу тәсілдері

Маңызды! Алдын ала төлеу бойынша жеңіл автокөлік құралдары үшін жол жүру құны төмен.
Төлем жүйелері комиссия алуы мүмкін.

Ақы алу Бұйрықтармен, Жария шарт және Ақы алу ережелерімен сәйкес жүзеге асырылады.

АҚЫЛЫ УЧАСКЕГЕ ІРГЕЛЕС ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН

АБОНЕНТТІК ТӨЛЕМ

Ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жеңіл көлік құралдарының иелері үшін 365 күнге Абоненттік төлем қарастырылған. Абоненттік төлемді тіркеу үшін көлік құралының иесі ақы алу пункттеріндегі оператордың өкілдеріне жүгінуі және келесі ақпаратты ұсынуы қажет:
1) көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
2) жеке куәлік.

RFID белгісін алу үшін қажет:

1-қадам. Тіркеу

Төлем алу пунктінде оператордың өкіліне қажетті ақпарат беру

2-қадам. Ақы ТӨЛЕУ

Абоненттік төлемақы

3-қадам. RFID белгісін ОРНАТУ

Оператордың өкілі көлік құралына RFID белгісін орнатады


Ақылы жолдар туралы ақпарат

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында жалпы ұзындығы 682 км болатын 4 ақылы учаске бар. Бірінші ақылы учаске – "Нұр-Сұлтан – Щучинск". Бұл автожол 2013 жылдан бастап ақылы болды. 2019 жылдың қаңтарынан бастап ақылы негізде "Нұр-Сұлтан – Теміртау", "Алматы – Қорғас" және "Алматы  – Қапшағай" жолдары іске қосылды.

Ақылы учаскелердің негізгі сипаттамалары
«Нұр-Сұлтан – Щучинск»

Ұзындығы - 211 км
Жол санаты - Ia
Қозғалыс жолақтары - екі бағытта 6 жолақ 
Төлем жолақтары - 6 жолақ 
Төлем алу пункті - 2
Бақылау аркалары - 4
Жүйе түрі - гибридті
Метеостанция - 4

«Нұр-Сұлтан – Теміртау»

Ұзындығы - 134 км
Жол санаты - Ia
Қозғалыс жолақтары - екі бағытта да 4 жолақ 
Төлем жолақтары - 8 жолақ 
Төлем алу пункті - 2
Бақылау аркалары - 5
Жүйе түрі - гибридті
Метеостанция - 6

«Алматы – Қапшағай»

Ұзындығы - 42 км
Жол санаты - Ia
Қозғалыс жолақтары - екі бағытта 6 жолақ 
Төлем жолақтары - 12 жолақ;
Төлем алу пункті - 1
Бақылау аркалары - 1
Жүйе түрі - гибридті
Метеостанция - 2

«Алматы – Қорғас»

Ұзындығы - 295 км
Жол санаты - Iб
Қозғалыс жолақтары - екі бағытта да 4 жолақ 
Төлем жолақтары - 8 жолақ 
Төлем алу пункті - 2
Бақылау аркалары - 6
Жүйе түрі - гибридті
Метеостанция - 6